Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-25 15:28:00

Следуй за нами

33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

news single

     Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының маңызы ерекше екенін атап өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Оның айтуынша, Түрікменстан – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес, бауырлас мемлекет. Президент екі елді шынайы достық, ортақ тарих және рухани-мәдени құндылықтар байланыстыратынын, сондай-ақ осы берік негіздің стратегиялық әріптестік аясында табысты дамып келе жатқанын айтты.

 

   Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тұрақты екенін, сауда-экономикалық ықпалдастықтың жыл сайын артып келе жатқанын, мәдени-гуманитарлық байланыстардың да нығайып отырғанын жеткізді.

 

    Сонымен қатар Қазақстан мен Түрікменстан аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне белсенді үлес қосып келе жатқаны атап өтілді. Брифинг барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов пен бүкіл түрікмен халқын Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесінің 30 жылдығымен құттықтады.

 

    Президенттің айтуынша, бейтарап саясат жүргізу Түрікменстанның халықаралық аренадағы беделін көтеріп, елдің бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік қағидаттарына адалдығын әлемге танытты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться