Спорт

Автор: ADMIN

Спорт 2025-11-25 16:23:00

Следуй за нами

33

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады

news single

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Мемлекет басшысы оны жаңа лауазымға сайлануымен құттықтап, бұл шешім даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан зор үлесінің, кәсібилігі мен беделінің мойындалуы екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Геннадий Головкин қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін әлемге танытып, Қазақстанның бокс державасы ретінде орнығуына ықпал етті.

 

    Мемлекет басшысы оның табандылығы, жігері, ішкі тәртібі мен адалдығы жас буынға үлгі екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының Ұлттық олимпиада комитетіндегі жұмысына да жоғары баға берді. Оның ұйыммен қысқа уақыт ішінде тиімді байланыс орнатып, халықаралық Олимпиада комитетімен ынтымақтастықты жолға қойғанын ерекше атап өтті.

 

     Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің World Boxing федерациясының президенті ретінде маңызды міндеттерді атқаратынын айтты. Президент оның жаһандық спорт ұйымын басқарып отырған алғашқы қазақстандық екенін және кәсіби тәжірибесі ұйымда жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться