Автор: ADMIN
Еліміздегі барлық жедел жәрдем қызметкерлері бейнетіркегішпен қамтамасыз етіледі
Алматы мен Астананың жедел жәрдем қызметкерлерін бейнетіркегішпен қамтамасыз еткеннен кейін келеңсіз оқиғалар 90 пайызға азайды, деп хабарлайды Shalqar.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты.
— Түрлі оқиғалардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігімен бірге жоспар жасадық. Сол жоспардың аясында қабылдау бөлмелерінде 150-ге жуық полиция бекетін аштық. Сонымен қатар стаицонарларда камералар орнатып жатырмыз. Камералар полицияның Жедел басқару орталығына қосылған. Мұнан бөлек, 600 медицина ұйымның әрбір қабылдау бөлмесіне дабыл нүктелерін орнатқан едік. Соның арқасында қажетті жедел алдын алу шараларын қолға алу көзделген, — деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың сауалына орай.
Оның айтуынша, биыл Алматы мен Астана қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері бейнетіркегішпен қамтамасыз етілді.
— Нәтижесінде түрлі келеңсіз оқиғалардың 90 пайызға кемігенін көріп отырмыз. Аталған тәжірибені Қазақтелекоммен бірге кеңейтіп, еліміздегі барлық жедел жәрдем қызметкерлерін бейнетіркегішпен қамтамасыз ету ойымызда бар, — деді Тимур Сұлтанғазиев.
Айта кетейік, Мәжіліс отырысында дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін қорғауға арналған заң жобасы талқыланып жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі үш ведомство өкілдері баспаналы болды
Jaña jıl qarsañında elimizdegi üş vedomstvo ökilderi baspanalı boldı
Последние новости
Jaña jıl qarsañında elimizdegi üş vedomstvo ökilderi baspanalı boldı
جاڭا جىل قارساڭىندا ەلىمىزدەگى ۇش ۆەدومستۆو وكىلدەرى باسپانالى بولدى