Автор: ADMIN
Ұлытауда тау-кен саласының көшбасшыларын даярлайтын жаңа университет ашылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Shalqar.kz. Осы құжат аясында Ұлытау облысында жаңа инновациялық жоғары оқу орны — Ұлытау университеті құрылмақ. Меморандумға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев қол қойды.
Жоба өңірдің ғылыми білім беру инфрақұрылымын дамытуға, тау-кен-металлургия кешені үшін жоғары білікті кадр даярлауға және заманауи білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа университет білім, ғылым, өнеркәсіп бір арнаға тоғысқан алаңға айналады және Ұлытау облысының экономикалық, әлеуметтік әлеуетін күшейтуге ықпал етеді.
Оқу орны АҚШ-тың Colorado School of Mines және Қазақстанның Satbayev University-мен ынтымақтастық орнатуды көздеп отыр. Студенттерге халықаралық стандартқа сай бағдарлама және озық зерттеулер мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады. Оқу үдерісін келесі академиялық оқу жылында бастау жоспарланған.
Университеттің инфрақұрылымына оқу корпусы, 140-150 орындық жатақхана, спорт кешені және заманауи R& D-орталық кіреді. Мұнда жаңа технологиялар әзірленіп, пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен жобалар жүзеге асырылады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру бағдарламаларын іске қосу кезінде әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетеді. Қазақмыс оқу бағдарламаларын қаржыландыруды, ұйымдастыруды және қажет болған жағдайда мемлекеттік грант тарту арқылы бірлесіп қаржыландыруды өз мойнына алады.
Компания бұл жобаны Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайту және жаңа буын инженерлері мен зерттеушілерін даярлау жолындағы стратегиялық қадам ретінде бағалайды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней
Қырғызстанда блогерлер 5 жылға салықтан босатылады
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?