Автор: ADMIN
Қазақстандық дәрігерлер Ауғанстаннан оралды
Олардың бәрі қараша айының басында болған жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер, деп хабарлайды Shalqar.kz. Жәрдем жасау мақсатымен барған 13 медицина қызметкері он күндік миссияны орындап, елге оралды.
Қарашаның үші күні Ауғанстанның солтүстігінде жер сілкінді. Зілзаланың күші 6,3 балға дейін жеткен. Дүмпу ошағы Мазари-Шариф қаласының маңында 28 шақырым тереңдікте тіркелді. Алғашында жиырма адамның қаза тауып, 320 тұрғынның жарақаттанғаны туралы ақпарат шықты. Құтқару қызметтері апаттың ауқымы мен жапа шеккендердің санын анықтауға кірісті. Араға санаулы күн салып, Кабул қаласына қазақстандық дәрігерлер жіберілген болатын. Гуманитарлық миссиясын орындаған ақхалаттылар елге оралды.
13 адамнан құралған қазақстандық топта хирург, нейрохирург, травматолог дәрігерлері мен жедел жәрдем және өзге де медицина мамандары бар. Олар науқастарды орналастыру, хирургиялық емдік шаралар жасау және бірлескен талдау жүргізуге қолғабыс етті.
Қазақстандық дәрігерлер ауған жеріндегі үш ауруханада жұмыс істеген. Он күнде шамамен 300-ден астам науқасты қабылдап, 50-ден аса операция жасаған.
Айта кету керек, Қазақстаннан Ауған еліне 18 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілген болатын. Дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен шатыр сияқты тұрмысқа қажетті тауарлар жеткізілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
سينوپتيكتەر ەسكەرتەدى: قازاقستاننىڭ باسىم بولىگىندە بوران سوعىپ, كوكتايعاق بولادى
Жаңа жыл қарсаңында еліміздегі үш ведомство өкілдері баспаналы болды
Последние новости
Jaña jıl qarsañında elimizdegi üş vedomstvo ökilderi baspanalı boldı
جاڭا جىل قارساڭىندا ەلىمىزدەگى ۇش ۆەدومستۆو وكىلدەرى باسپانالى بولدى