Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-26 16:34:00

Следуй за нами

36

Тісін емдеткен 3 жасар қыздың өлімі: Стоматологиялар жаппай тексеріле ме?

news single

   Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі стоматологиялық клиникаларды жаппай тексеру жоспары жоқ екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәжіліс отырысынан кейін жауап берді.

 

   Астана қаласындағы Dent-Park стоматологиясында 3 жасар қыздың қайтыс болуына қатысты журналистер вице-министрден саланы жаппай тексеру мүмкіндігін сұраған еді. — Бұл өте ауыр әрі резонансты жағдай. Бар болғаны 3 жасар сәби, обал.

 

   Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның отбасына көңіл айтады. Ал сот-медициналық сараптама Әділет министрлігіне қарасты органдар арқылы жүргізіледі. Бұл процесс Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшыларын тартуды талап етпейді. Ал стоматологияларды жаппай тексеру мәселесіне келсек, бүгінде ондай жоспар жоқ. Барлық тексеріс Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі, — деді Тимур Сұлтанғазиев.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться