Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-26 18:23:00

Следуй за нами

36

Енді азаматтар бір мезетте бірнеше несие рәсімдей алмайды

news single

      Депутаттардың нормативтік актілерді нақтылау және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған ұсыныстары екінші оқылымда жұмыс тобы тарапынан қолдау тапты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Egemen Kazakhstan" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   🔹 Несие алуға шектеу енгізілді. Енді жеке тұлғалар бір сағат ішінде екі немесе одан да көп банкке немесе микроқаржы ұйымына несие өтінімін бере алмайды.

 🔹 Несие бюролары Антифрод орталығымен біріктіріледі. Бюролар азаматтың бірнеше ұйымға қатар берген өтінімі туралы деректерді бір сағат ішінде бөлісуге міндетті болады.

🔹 Биометриялық мәліметтер мен ЭЦҚ тек клиенттің қатысуымен беріледі. Бастапқы биометриялық деректерді жинау және электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу тек азаматтың жеке қатысуымен жүзеге асады.

🔹 Сыйақы есептеуге тыйым салу нормасына өзгеріс. Заңды және жеке тұлғалардың шоттарына сыйақы есептеуге тыйым салу нормасы жойылды, бұл бастама екінші оқылымда қолдау тапты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться