Автор: ADMIN
Санкт-Петербургте тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша интеграциялық форум өтті
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай кітапхана, архив пен музейлердің тарихи және мәдени мұрасын сақтау мәселелері бойынша интеграциялық форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова еліміздегі тарихи-мәдени мұраны сақтау, цифрландыру және оны халыққа қолжетімді ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады.
Форум аясында «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар, архивтер мен музейлерді эвакуациялау» тақырыбында сараптамалық сессия, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кітапханалар мен кітапханашылар» атты дөңгелек үстел, сондай-ақ түрлі форматтағы пленарлық отырыстар мен көрмелер өтті.
Іс-шараға Ресей Федерациясы, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның кітапхана, архив, музей, білім беру және ғылыми ұйымдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Prezident: Kazahstan uverenno dvijetsya k cifrovomu buduşemu
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Тамызда қанша күн демаламыз?
Последние новости
Tamızda qanşa kün demalamız?
تامىزدا قانشا كۇن دەمالامىز?
Skol'ko dney mı otdıhaem v avguste?