Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-28 17:27:00

Следуй за нами

35

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді

news single

    Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөздер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     Президент Тоқаев Швейцария өкілінің Астанаға сапары екі ел арасындағы күн тәртібіне жаңа серпін беріп, өзара ықпалдасу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

 

    Оның айтуынша, Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктестерінің бірі саналады. 2005 жылдан бері бұл елден Қазақстан экономикасына 35,8 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйылған. Бүгінде елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

 

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы саяси диалогтың ашық әрі сындарлы түрде дамып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар тараптардың энергетика, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және жаңа технологиялар салаларында табысты ынтымақтастық орнатқанына назар аударды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться