Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-11-28 17:49:00

Следуй за нами

36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев FIDE президенті Аркадий Дворковичті қабылдады

news single

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворковичпен кездесті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Кездесу барысында Қазақстандағы шахматты дамыту мәселелері және екіжақты ынтымақтастыққа қатысты маңызды бағыттар талқыланды. Президент FIDE тарапынан Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушыларға және жас спортшыларға көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалады. Оның айтуынша, шахмат елімізде тек спорт түрі ғана емес, сондай-ақ зияткерлік мәдениеттің, тәрбиенің және білім берудің маңызды бөлігі саналады.

 

   Мемлекет басшысы балалар мен жастар арасында шахматқа деген қызығушылықтың айтарлықтай артып келе жатқанын атап өтті. Білім беру жүйесінде шахмат инфрақұрылымын дамытуға және оны кеңінен ілгерілетуге ерекше көңіл бөлініп отыр.

 

   Кездесуде ұлттық федерацияның FIDE-мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, ірі халықаралық турнирлер өткізу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться