Денсаулық

Автор: ADMIN

Денсаулық 2025-11-29 22:49:00

Следуй за нами

41

Қазақстандықтар енді МӘМС есебінен жеке клиникада ем ала алады

news single

Мемлекеттік ауруханада қызмет немесе тексерістен өте алмаған науқастарды жеке клиникаларға жіберіп, шығынды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен өтеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Shalqar.kz.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарованың атына депутаттық сауал жолдаған еді. Олар кейінгі жылдары медициналық қызметтердің бағасы өсіп, ал қолжетімділігі шамамен екі есе төмендегенін айтты.

Депутаттардың сөзінше, науқастар апталап, кейде айлап талдау тапсыра алмай, КТ, МРТ және өзге де тексерулерден өте алмай жүр. Соның салдарынан адамдар ақылы түрде тексерілу үшін жекеменшік клиникаларға баруға мәжбүр.

Депутаттар қызметті мемлекеттік клиникада ала алмаған науқасты жеке клиникаға жіберіп, шығынды МӘМС арқылы өтеуге қатысты бастама көтерді.

Денсаулық сақтау министрлігі клиника 10 күн ішінде қажет қызметті көрсетпесе, науқас "еш кедергісіз" басқа медициналық ұйымға ауыса алатынын айтты.

"Егер науқас Қордың (міндетті медициналық сақтандыру қоры – ред.) жеткізушілер тізілімінде тұрған болса, ол қажет қызмет алу үшін басқа клиниканы таңдай алады. Жолдама рәсімдеу барысында таңдалған клиникамен келісімшарт ақпараттық жүйеде автомат түрде жасалады", – делінген хабарламада.

Пациент мемлекеттік клиникада медициналық қызмет ала алмаған жағдайда, министрлік балама нұсқаны қарастырып жатыр.

"Егер науқас мемлекеттік клиникада қызмет алмаса, оны жеке клиникаға жолдап, шығынды Міндетті медициналық сақтандыру қоры есебінен өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр".

Егер күтіп қалсаңыз немесе жолдама ала алмай жүрсеңіз, Денсаулық сақтау министрлігі Қордың байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгінуді ұсынады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться