Автор: ADMIN
14 рейс кідірді: Air Astana бағдарламалық жасақтаманы жаңарту бір күнге созылатынын мәлімдеді
Air Astana өзінің Airbus ұшақтарындағы бағдарламалық жасақтаманы жаңарту аяқталуға жақын екенін хабарлады. Алайда әуе компаниясының мәліметінше, жаңарту жұмыстары 30 қарашаға дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Әуе компаниясының ресми Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 28 қарашада Airbus өндірушісі мен Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) екі борттық компьютерде бағдарламалық жасақтаманы өзгертуді талап ететін ұшу жарамдылығы бойынша міндетті директива шығарды. Директива бүкіл әлем бойынша мыңдаған ұшақты қамтиды.
Air Astana және FlyArystan бағдарламалық қамтамасыз етуді өзгерту бойынша шұғыл шаралар қабылдады. Инженерлік команда талаптарға сәйкес 20 ұшақтағы бағдарламалық жасақтаманы жаңартып, түні бойы жұмыс істеді. Бұл жалпы 7 Air Astana рейсінің және 7 FlyArystan рейсінің орташа есеппен 4,5 сағатқа кідіруіне әкелді.
"Біздің жер үсті қызметтері кешіктірілген рейстердің жолаушыларына қажетті сервис ұсынады. Компаниялар тобы қалған ұшақтардағы бағдарламалық жасақтаманы тезірек жаңарту және кестедегі іркілістерді қысқарту бойынша барлық шараны қабылдайды. Барлық жұмыс 2025 жылғы 30 қарашаға дейін аяқталады деп күтілуде.
Жолаушыларға рейстердің кестесін әуе компанияларының веб-сайттарында немесе мобильді қосымшаларында тексергені жөн. Жолаушылар мен ұшу қауіпсіздігі Air Astana-ның басты басымдығы", - делінге компания хабарламасында.
Сол арада Азаматтық авиация комитеті 29 қараша сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 23 әуе кемесінде бағдарламалық қамтамасыз ету жаңартылғанын хабарлады. Қалған 8 кемеде (1 ұшақ – Ақтауда, 3 ұшақ – Астанада, 4 ұшақ – Алматыда) жаңарту жоспарлы режимде жалғасып жатыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı