Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-01 13:03:00

Следуй за нами

43

1 желтоқсаннан бастап қандай өзгерістер күшіне енеді?

news single

     1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірнеше маңызды жаңалық күшіне енеді,- деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.  Енді азаматтар жеңіл автокөлікті лизинг арқылы рәсімдей алады.

 

    Сонымен қатар қысқы дөңгелек орнатпаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұдан бөлек жаңа әуе рейстері мен теміржол бағыттары іске қосылады. Жеке тұлғаларға арналған автокөлік лизингі ресми түрде қолжетімді болды. Лизинг — автокөлікті немесе техниканы ұзақ мерзімге жалға беру тетігі.

 

    Лизинг компаниясы көлікті сатып алып, оны азаматтарға келісілген мерзімге пайдалану үшін береді. Тұтынушы ай сайын немесе келісім бойынша төлемін жүргізіп отырады. Лизинг мерзімі аяқталған соң азаматтарға үш нұсқа ұсынылады:

 • Көлікті толық сатып алу — барлық төлемдер аяқталғаннан кейін көлік иелігіне өтеді.

 • Көлікті қайтару — мерзімі біткен соң автокөлік лизинг компаниясына өткізіледі.

 • Жаңасына ауыстыру — пайдаланған көлікті қайтарып, жаңа көлікті лизингке рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться