Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-02 15:02:00

Следуй за нами

38

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы Махмұд әл-Хаббашты қабылдады

news single

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Мемлекет басшысының дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады,- деп  хабарлайды "Shalqar.kz" "Qаzaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Мемлекет басшысы Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық дипломатиялық қатынас орнаған уақыттан бері достық, өзара құрмет және қолдау негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

 

   Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Палестинаның халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесіне айналуына бағытталған бастамаларды үнемі қолдап келеді. Сонымен қатар еліміз Таяу Шығыстағы ахуалды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, «Қос халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды.

 

 

    Кездесу барысында Махмұд әл-Хаббаш Президент Махмұд Аббастың Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған хатын табыстап, Қазақстанның Палестина халқына тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

 

    Оның сөзінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет ретінде бағаланады. Бұл ұстаным екіжақты байланыстарда, сондай-ақ БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ынтымақтастықта айқын көрінеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться