Автор: ADMIN
Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді
5 желтоқсанда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Менің Қазақстаным» атты Шәмші Қалдаяқов әндерінің халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап.
Фестивальдің мақсаты – Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, оның әндерінің ұлттық музыкалық мәдениеттегі орнының ерекше екенін көрсету.
Концерттік бағдарламада Шәмші Қалдаяқовтың танымал туындылары заманауи өңдеуде және кәсіби орындаушылардың шеберлігі арқылы жаңаша ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальге арнайы шақырылған шетелдік өнерпаздар – İlkim Eylül İlk (Түркия), Сарвиноз Камалова (Өзбекстан), Альфия Каримова (Башқұртстан), Michelle Joseph (Моңғолия) және Вреж Киракосян (Армения) қатысады.
Іс-шарада «Қазақконцерт» ұйымының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдары да бірлескен қойылымдар ұсынады. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртістері және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің Камералық ансамблі өнер көрсетеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı