Автор: ADMIN
Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясын бастады
Акцияға осы кезеңде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары – заңды және жеке тұлғалар қатысады, деп хабарлайды Shalqar.kz “ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне” сілтеме жасап. Қатысушылар қарызды өсімпұлсыз өтей алады.
Өсімпұлды есептен шығару қарыз алушы төмендегілерді толық өтеген кезде ғана жүргізіледі:
мерзімі өткен сыйақы сомасы;
мерзімі өткен негізгі борыш сомасы;
айыппұл сомасы.
Әрбір қатысушы акцияны тек бір рет пайдалана алады.
Акцияға қатысу үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына қаржы аудару арқылы мерзімі өткен берешекті өтеу қажет.
Ол үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтеуге болады.
Толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар. Сондай-ақ 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) Call-орталық нөмірлеріне хабарласуға болады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى