Автор: ADMIN
Оралда Құрманғазы атындағы оркестрдің үлкен гастрольдік туры басталды
Батыс Қазақстан облысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің гастрольдік туры басталды, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігінің” телеграмм каналына сілтеме жасап. Бағдарламаның ашылуы Орал қаласында өтті.
«Атамекен» өнер орталығының сахнасында көрермендерге «Ұлттық оркестр Оралда» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Екі бөлімнен тұратын концертте ұлттық музыка өнерінің алтын қорынан таңдаулы туындылар және әлем классикасының белгілі шығармалары орындалды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық мәдениетті өңірлерде кеңінен насихаттап, халықпен шығармашылық байланысты нығайту. Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының виолончелистер ансамблі, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттер хоры және «Атамекен» камералық хоры өнер көрсетті.
Гастрольдік тур аясында Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері үшін шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Жас орындаушылар домбыра, қобыз, баян және домра прима бойынша еліміздің жетекші музыканттарынан сабақ алып, орындаушылық техника мен интерпретацияға қатысты кәсіби кеңестер тыңдады.
Құрманғазы атындағы оркестрдің гастрольдік туры 3-4 желтоқсан күндері Бөкей ордасы, Қазталов және Жаңақала аудандарында жалғасады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
Блогеров в Кыргызстане освободят от налогов на 5 лет
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней