Автор: ADMIN
Электронды сауда көлемі ₸3,2 триллионға жетті
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 трлн теңгеге жетіп, бөлшек сауданың 14,1%-ын құрады, деп хабарлайды Shalqar.kz. Жыл соңына дейін 15 пайызға дейін жетеді деген болжам бар. Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылда 5 есе артқан. Мұндай нәтижеге жетуге цифрлық қолжетімділік, финтех саланың дамуы, 8 миллионнан астам жас әрі белсенді қолданушылардың болуы мүмкіндік беріп отыр. Айта кету керек, электрондық коммерция – бүгінде бүкіл әлемде ең қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. Былтыр оның жаһандық нарықтағы көлемі 6,3 трлн АҚШ долларына бағаланған. Сондықтан Қазақстан Үкіметі алдағы жылдары электрондық сауданың бөлшек саудадағы үлесін тағы 4 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр.
Айгүл Оразаева, Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда басқармасының басшысы:
Әрине бізде мүмкіндік бар. Алға қойған міндеттеріміз бар. Министрліктің алдында 2029 жылға дейін электронды сауда үлесін 18,5 пайызға жеткізу тұр. Ол бағытта біз әр салада бірқатар жұмыстарды атқарып жатырмыз. Сол себепті біз мұны 18,5 пайызға жеткіземіз деген үміттеміз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Сенат мақұлдаған жаңа заң: нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі
Qazaqstan qwraması voleyboldan Aziya kubogında üzdik bestikke endi
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov
Последние новости
Senat maqwldağan jaña zañ: notariustardıñ jauapkerşiligi küşeytiledi
سەنات ماقۇلداعان جاڭا زاڭ: نوتاريۋستاردىڭ جاۋاپكەرشىلىگى كۇشەيتىلەدى
Senat odobril zakon ob usilenii otvetstvennosti notariusov