Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-04 15:45:00

Следуй за нами

35

«Елге көмек» қоры ісі: Ілияс Сариев соттағы соңғы сөзін айтты

news single

    Алмалы аудандық сотында «Елге көмек» қорының негізін қалаушыларға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп, тараптар жарыссөзге шықты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Ілияс Сариев соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптардың басым бөлігімен келіспейтінін айтты. Сариевтің айтуынша, іс материалдарындағы 26 эпизодтың 20-сына оның еш қатысы жоқ. «Қалған 6 эпизодты тергеудің басында-ақ мойындадым. Иә, ол адамдардан ақша алдым.

 

   Бірақ бейнежазбаларды түсіріп, салынбай қалған жағдайларды көрсеттік. Өз әрекетімді алаяқтық деп есептемеймін. Ал MM Travel компаниясының ақшасы маған аударылған жоқ, оған қатысым жоқ», — деді ол. Сотталушы өз сөзінде тергеу барысында қателіктер жіберілгенін де атап өтті.

 

   Оның айтуынша, тергеуші екі бөлек істі біріктіріп жіберген. «Бұл — тергеушінің қателігі. Прокурордың неліктен 6 жыл сұрағанын түсінбеймін. Ол нақты дәлел келтірген жоқ. Біз құжат жүзінде өз дәлелдерімізді көрсеттік. Соттан ақтауыңызды сұраймын», — деді Ілияс Сариев.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться