Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-04 18:41:00

Следуй за нами

172

Дәрігер нұсқаулығы: Балаларды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғау және емдеу керек

news single

      Биыл Астанада жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталды. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастар саны қараша айының ортасына қарай айтарлықтай көбейген.

 

   🏥 Қала әкімдігінің хабарлауынша, ЖРВИ мен тұмау өршіп тұрған кезде дәрігерлер күніне 50-60 баланы қабылдаған.

  ❗️ Педиатр ата-аналарды өз бетінше емдеуге жол бермеуге және алғашқы симптомдар байқалған кезде дереу дәрігерге қаралуға шақырады.

      Дәрігердің кеңестері:

 

    • Баланы төсекке жатқызып, тынығуын қамтамасыз ету.

 

   • Көптеп жылы сусын беру – су, компот, морс. Қантты шырындар мен газдалған сусындарды уақытша беруге болмайды.

 

   • Бөлмені үнемі желдетіп, ылғалдылығын сақтау; баланы қатты орап тастауға болмайды. Дене әлсіз болғандықтан, қалың киіндіру дене қызуының көтерілуіне әкелуі мүмкін.

 

   ❓ Ауру қаупін азайту жолдары:

 

   • Жеке гигиена ережелерін сақтау (қолды жиі жуу, ауаны тазалау).

 

   • Қолайлы ауа райында балаларды ашық ауада серуендету.

 

   • Қарсы көрсетілімдері жоқ жағдайда вакцинация жасау.

 

   • Қажетсіз тығыз байланыс пен көпшілік орындарға баруды шектеу. Балалардың денсаулығын қадағалау және алғашқы симптомдарда медициналық көмекке жүгіну – ЖРВИ мен тұмауды уақытында жеңудің басты кепілі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться