Автор: ADMIN
Ресейде Labubu ойыншықтарынан улы зат табылды
«Роскачество» сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес тексеру жүргізгеннен кейін Labubu ойыншығында улы заттың шектен асып кеткенін анықтады. 13 үлгінің бірінде токсикалық заттың нормадан жоғары мөлшері тіркелгені туралы ұйымның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Өнім 53 сапа және қауіпсіздік көрсеткіші бойынша зерттелді: токсиктік индекс өлшенді, маркировка, мата мен тігіс сапасы тексерілді, сондай-ақ гигиеналық қауіпсіздікке, оның ішінде токсикологиялық көрсеткіштерге байланысты үш топ тест жүргізілді.
Тексеру барысында мамандар бір ойыншықтан рұқсат етілген нормадан жоғары (норма — 2 мг/литр, анықталғаны — 2,9 мг/литр) мөлшерде диоктилфталат — денсаулыққа қауіпті токсикалық зат тапты.
Диоктилфталат қаншалықты зиянды?
Бұл заттың басты қауіптілігі — репродуктивтік жүйеге және дамуға уытты әсер етуі. Ол гормоналды жүйенің жұмысын бұзады: әйел жыныс гормондарының (эстрогендердің) әрекетін имитациялайды немесе бұғаттайды. Бұл әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Ер балалар үшін бұл затпен жиі байланыста болу репродуктивтік органдардың дамуына кері әсер етуі және болашақта ұрық сапасының төмендеу қаупін тудыруы мүмкін.
Сонымен қатар, диоктилфталат мінез-құлық пен неврологиялық мәселелерге (мысалы, СДВГ дамуына) ықпал етуі мүмкін.
Ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда бауыр мен бүйрекке уытты әсерін тигізеді. Сондай-ақ аллергия мен тері тітіркенуін шақыруы мүмкін.
Бұған дейін Австралия мен Оңтүстік Корея Labubu ойыншықтарының қауіпті жалған нұсқалары туралы ескерту жасаған еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiada-2026: Qazaqstandıq mogulşı qızdar jüldesiz qaldı
وليمپيادا-2026: قازاقستاندىق موگۋلشى قىزدار جۇلدەسىز قالدى
پو پروەكتۋ كونستيتۋتسيي پوستۋپيلو بولەە 10 تىسياچ وبراщەنيي
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy