Автор: ADMIN
Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні аталып өтеді
6 желтоқсанда Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Осыдан тура 34 жыл бұрын Жоғарғы кеңестің төралқасы «Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады. Сол кезден бастап қызметтік борышқа адалдық, мінсіз адамгершілік қасиеттер прокурорлық корпусқа жаңа сыни тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді іске асыруда елеулі үлес қосуына мүмкіндік беріп келеді.
Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары сындарлы сопақты басып өтіп, қалыптасудың үлкен даңғыл жолына түсе білді. Ведомствоның беделі және оның әлеуметтік маңыздылығы бірнеше есе артты. Президент қойған жауапты міндеттерді орындай отырып, республика прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.
Ведомство басшысы Берік Асылов азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және тұтастай ел мүдделерін қорғаудың сенімді кепілі бола отырып, Қазақстан прокуратурасы мемлекеттілікті нығайтуда шешуші рөл атқаратынын бірнеше рет атап өтті.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы — барлық деңгейдегі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Бас прокурорға бағынатын, бір орталықтан басқарылатын жүйе. Прокуратура өз жұмысын басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз атқарады және тек Президентке ғана есеп береді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Milan–Kortina Paralimpiadası: qazaqstandıq sportşılar finalğa ötti
Delo Janabılovıh napravleno v sud
Жанабыловтар ісі сотқа жолданды
Последние новости
Delo Janabılovıh napravleno v sud
دەلو جانابىلوۆىح ناپراۆلەنو ۆ سۋد
Дело Жанабыловых направлено в суд