Автор: ADMIN
Қазақстанның Азия ойындарындағы жетістігі: Қанша жүлде алдық?

Харбинде өткен 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл додаға 10 спорт түрі бойынша 137 спортшыны (72 ер, 65 әйел) қатыстырып, жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жалпы есептегі көрсеткішіміз қандай?
Қазақстан құрамасы жарысты 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медальмен аяқтады. Осылайша, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Медаль жеңіп алған спортшылардың саны – 85 (43 ер, 42 әйел).
Қай спорт түрлерінде жүлде бұйырмады?
Тау шаңғысы, кёрлинг және ски-альпинизм спорт түрлерінен елімізге жүлде алу мүмкін болмады.
Бірнеше медаль еншілеген спортшылар:
– Владислав Киреев (биатлон) – 1 алтын, 1 күміс
– Шерзод Хаширбаев (фристайл-акробатика) – 1 алтын, 1 күміс
– Әділ Ғалиахметов (шорт-трек) – 1 алтын, 1 күміс
– Денис Никиша (шорт-трек) – 1 алтын, 1 күміс
– Абзал Әжіғалиев (шорт-трек) – 1 алтын, 1 күміс
– Алина Ажғалиева (шорт-трек) – 2 күміс
– Яна Хан (шорт-трек) – 2 күміс
– Ольга Тихонова (шорт-трек) – 2 күміс
– Малика Ермек (шорт-трек) – 2 күміс
– Аяна Жолдас (фристайл-акробатика) – 1 күміс, 2 қола
– Константин Борцов (биатлон) – 1 күміс, 1 қола
– Олжас Климин (биатлон) – 2 қола
Азия ойындарындағы бұл жетістіктер – еліміздің қысқы спорттағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Келесі жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелер күтеміз!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Қызылордада жаңа форматтағы заманауи мектеп есігін ашты
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет