Автор: ADMIN
Азия ойындарында Өзбекстан спортшылары алтын алды
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында жұппен мәнерлеп сырғанау жарысы өтті, деп хабарлайды "Shalqar.kz" интернет басылымы.
Бұл жарысқа 6 жұп қатысқан. Нәтижесінде қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша өзбекстандық дуэт - Екатерина Гейнич пен Дмитрий Чигирев 64,55 балл жинап, бірінші болды.
Еркін бағдарламада өзбекстандықтар екінші болды (111, 88), бұл сында Солтүстік Корея жұбы алға шығып кетті (112,20). Алайда қорытынды бойынша өзбекстандық спортшылар топ жарды.
Бұл - Өзбекстанның 2025 жылғы Азиададағы және мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы алтыны. Жергілікті БАҚ мәліметінше, соңғы рет Азия ойындарының алтынын 1999 жылы алғаны белгілі болды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматинский горный кластер: 8 лет споров позади - пора переходить к делу
Almatinskiy gornıy klaster: 8 let sporov pozadi - pora perehodit' k delu