Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-08 14:35:00

Следуй за нами

29

«Такс фри» пилоттық жобасы 2026 жылға дейін ұзартылады

news single

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары саналатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімі ұзартылмақ. Осыған қатысты Қаржы министрі бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz.

— Осы нормативтік-құқықтық актіде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары және мерзімі («такс фри» пилоттық жобасы) белгіленген, - делінген құжатта.

Жоба мынадай мақсатты көздейді:

 

— пилоттық жобаны 2026 жылға дейін ұзарту;

 

— ағымдағы операторға балама ретінде қазақстандық компанияны пилоттық жобаға қосу;

 

— пилоттық жобаның географиясын кеңейту;

 

— бір кассалық чектегі соманы 10 ең төменгі есептік көрсеткішке дейін азайту;

 

— Қазақстанда туризмді дамыту және қосылған құн салығын өтемақысы арқылы шетелдік туристерді тарту;

 

— пилоттық жобаны цифрландыру механизмін сынақтан өткізу.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться