Автор: ADMIN
Екібастұзда сауда орталығының төбесі опырылды: Бес адам медициналық көмекке жүгінді
Екібастұздағы Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан «Maxi Mall» сауда орталығының төбесі опырылып түсті. Оқиға 16 ақпан күні орын алған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, ғимараттың үшінші қабатындағы аспалы төбенің 150 шаршы метр аумақта опырылып түскені анықталған. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі оқиғаның себептерін тексеріп жатыр.
Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер жоқ деп хабарланғанымен, кейінірек Екібастұз қалалық ауруханасына бес адам өз бетінше жүгінгені белгілі болды. Олардың үшеуі – 2008 және 2009 жылы туған кәмелетке толмағандар. Алайда дәрігерлер олардың жағдайын тексеріп, ауруханаға жатқызудың қажет еместігін мәлімдеді.
Қауіпсіздік шараларын күшейту және оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеу мақсатында «Maxi Mall» сауда орталығы уақытша жабылды. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней