Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-11 19:38:00

Следуй за нами

24

Павлодарлық подполковник сотталушыны бопсалап, ақша талап еткен

news single

     Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесінің бір лауазымды тұлғасы сотталушыны ұзақ уақыт бопсалап, пара алды деген дерек анықталды,- леп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел топтың аға жедел уәкілі А. Адришев 2023–2025 жылдары қызмет бабын пайдаланып, «№45 мекеме» РММ-де жазасын өтеп жатқан Р. Бексұлтановты бопсалау арқылы қомақты көлемде пара алғаны анықталды.

 

   Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 2 қыркүйектегі шешімінде сотталушы Р. Бексұлтанов 45 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде подполковник А. Адришевтің назарына іліккені айтылады.

 

     2023 жылдың басында аға жедел уәкіл мекемеге келіп тексеріс жүргізген кезде сотталушының жазаны өтеу режимін бұзғаны анықталған.

 

   Жазасын өтеуші азамат түрме бастығымен көршілес кабинетте қалағанынша тұрып, тіпті қонақ шақыруға мүмкіндік алған. Тергеу шаралары жалғасуда.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться