Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-12 16:00:00

Следуй за нами

99

«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тағылымды кеш өтті

news single

2025 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласындағы Автомобиль технологиясы және сән индустриясы колледжінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты патриоттық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһарман жастардың ерлігін ұлықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи оқиғалардан тағылым алу.

 

Изображение.jpeg

 

 

Кешке колледж оқытушылары, студенттер мен Желтоқсан оқиғасының ардагерлері қатысты. Желтоқсаншылар - “Патриот-86 ” қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Ережолла Орынғалиев,   

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының  “Бәйтерек" демалыс орталығының жетекшісі Мейіргүл Қазыбаева, есірткі, алкоголь және басқа да тәуелділік түрлерінің алдын алу мен емдеу саласында тәжірибесі бар маман Шайзада Тыныбаева, қоғам белсендісі Әлия Жақанаеваларды Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова арнайы таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен елге сіңірген еңбегін атап өтіп, жастардың бойына отансүйгіштік пен ұлттық рухты дарытудың маңызын ерекше атап өтті. Олар жастармен ашық сұхбат құрып, өздерінің сол бір сын сағаттағы бастан кешкен оқиғаларын әсерлі әңгімеледі. Желтоқсан рухын бүгінгі ұрпақтың жүрегінде сақтау жолында жасалып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Изображение_1.jpeg

  Өз кезегінде колледж студенттері де арнайы дайындаған тақырыптық қойылымдарын ұсынды.

Іс-шараны қоғамтану пәнінің оқытушысы Ғалия Жолдыбайқызы ұйымдастырып, колледж әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілді.

Кеш соңында колледж ұжымы ардагерлерге алғысын білдіріп, жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен тілектер кештің мазмұнын арттыра түсті.

 

Изображение.png

Желтоқсан жастарының ерлігі мен азаттыққа ұмтылысы,

абырой мен ерліктің, ұлттық рухтың белгісі деген ұстаныммен өткен шара жас буынға рухани серпін беріп, ел тарихына құрметпен қарауға үндеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться