Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-12 15:33:00

Следуй за нами

32

Президент БҰҰ-ны реформалаудың маңыздылығына тоқталды

news single

      Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған Ашхабадтың Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын жариялау жөніндегі бастамасының ерекше мәнге ие екенін атап өтті,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

     Президент Қазақстан бұл маңызды қарарды қолдағанын айта келе, бейбітшілік пен келісім еліміздің сыртқы саяси стратегиясының негізі саналатынын жеткізді.

 

   – Жекелеген кикілжіңдер реттелгенімен, әлемдегі жалпы ахуал әлі де күрделі. Адамзат өзара сенім мен толеранттылыққа, орнықты даму жолында бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын түсінуге зәру. Сонымен бірге кейбір күмәнді ережелердің алға шығып, халықаралық құқықтың әлсіреуі, көпжақты институттардың, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен тиімділігінің төмендеуі алаңдатады.

 

    Стратегиялық теңгерімді қалпына келтірмейінше, дүниежүзінде әділ тәртіп орнату мүмкін емес. Осыған байланысты халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік көп жағдайда сөз күйінде қалып, көпжақты форумдардағы қарарлар мен келіссөздер ізгі ниет деңгейінде ғана көрініс табады.

 

   Сол себепті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымын жан-жақты реформалау бастамасын, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді және Бас Ассамблеяның рөлін күшейтуді қолдайды.

 

   Бас Ассамблеяның 80-сессиясында мен БҰҰ жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныстар әзірлейтін пікірлестер тобын құру идеясын көтердім, – деді Президент.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться