Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-12-13 13:59:00

Следуй за нами

27

Соңғы 50 жылдағы Қытайда болған ірі өрт апаттарына шолу

news single

      Сингапурлық Lianhe Zaobao басылымының хабарлауынша, Қытайдың Гуандун провинциясына қарасты Шаньтоу қаласының Чаонань ауданында орналасқан төрт қабатты жеке тұрғын үйде 9 желтоқсанға қараған түні ірі өрт шыққан,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

 

     Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты. Басылым мәліметінше, марқұмдардың барлығы бір әулеттің мүшелері болған. Олардың сегізі оқиға орнында тілсіз жаудың құрбаны болса, тағы төртеуі ауруханада көз жұмған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

   Бұл жағдай Қытай қоғамында үлкен резонанс тудырып, кең ауқымды пікірталасқа ұласты. Билік өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық жеке тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, оқиғада қылмыстық белгілердің болмауы, сондай-ақ өрттің алдын алу бағытындағы түсіндіру және насихат жұмыстарының әлсіздігі секілді өзекті мәселелерге назар аударды.

 

 

    Әсіресе бір әулеттегі төрт буын өкілдерінің бір мезетте қаза табуы қоғам мүшелерінің жаппай жанашырлығын тудырып, әлеуметтік және этикалық сипаттағы бірқатар мәселелердің талқылануына түрткі болды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться