Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-13 14:45:00

Следуй за нами

28

Қор нарығын шикізат төмен тартып, банктер алға сүйреді

news single

    Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша нарыққа банктік сектор мен шикізаттық емес ұлттық компаниялар оң серпін берді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Halyk бастаған банктер акцияларының, сондай-ақ бірқатар ұлттық компаниялардың қымбаттауы KASE индексін айтарлықтай өсіріп, көрсеткішті кеше тіркелген 7 мың пункттен жоғары деңгейде бекітті.

 

     Сонымен қатар ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп акцияларының құлдырауы жалпы нарық динамикасына айтарлықтай кері әсер ете алмады. ҚазМұнайГаз бағасының төмендеуіне әлемдік нарықтағы мұнай бағасының арзандауы себеп болғаны атап өтіледі.

 

     Бағалы металдар нарығында да әртүрлі үрдіс байқалды. Күміс бағасы бүгін төмендегеніне қарамастан, аптаны едәуір өсіммен аяқтады. Ал алтын құны да аптаны оң көрсеткішпен түйіндеп отыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться