Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-15 15:28:00

Следуй за нами

13

Аңызға тағзым: Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

news single

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы: Даланың ұлы. Өң мен түс…» атты музыкалық-драмалық спектакль алғаш рет көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Shalqar.kz “Мәдениет және ақпарат министрлігіне” сілтеме жасап.

Қойылым театрдың бірнеше шығармашылық бағытын бір сахнада тоғыстырды. Драма, балет және вокалдық труппалардың бірлескен жұмысы арқылы көрерменге батырдың тағдыры тек әскери ерлік тұрғысынан ғана емес, ұлттық рух, ішкі тәртіп пен туған жерге адалдық ұғымдары арқылы ашылады. Спектакльде Бауыржан Момышұлының рухани болмысына, тіл мен дәстүрге, дала мәдениетіне байланысына ерекше назар аударылған.

Сахналық шешім екі кезеңді қатар бейнелеуге құрылған. Қазіргі заман кейіпкерлері Нурик пен Әсем батыр ескерткіші жанында жаңа медиа форматы арқылы өткенге көз жүгіртеді. Цифрлық кеңістік бір сәтте майдан шындығына ұласып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктің мәнін жаңаша түсінуге жетелейді.

Спектакль соңында ұрпақтар сабақтастығы идеясын алға тартады. Ерлік туралы естелік өткенге құрмет қана емес, болашақ алдындағы жауапкершілік ретінде көрсетіледі. Қойылым қазақ және орыс тілдерінде сахналанады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться