Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-15 14:58:00

Следуй за нами

25

Қазақстанның инвестициялық стратегиясы: мүмкіндіктер мен кедергілер

news single

      Биылғы жылдың алғашқы алты айында Қазақстан экономикасына 10,55 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды.- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, бұл көрсеткіш елдің инвестициялық тартымдылығы әлі де жоғары екенін аңғартады. Дегенмен, салада жүйелеуді қажет ететін және ұзақмерзімді нақты стратегияны талап ететін мәселелер бар. Инвестор елдер арасында Нидерланды алдыңғы орында тұр. Бұл мемлекет халықаралық корпорациялар мен холдингтік құрылымдардың қаржылық хабы саналады.

 

 

    Сарапшылардың айтуынша, аталған ел арқылы келетін инвестициялар көбіне трансұлттық компаниялардың Қазақстанға бағытталған капиталының «заңды кіру нүктесі» ретінде рәсімделеді. Сонымен қатар, соңғы үш жылда шығыс және араб капиталымен әріптестік айтарлықтай күшейген. Қытай Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға, жасыл энергетикаға, өнеркәсіп пен мұнай-химия салаларындағы жобаларға инвестиция салуда.

 

    Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар қаржы, мұнай-химия, көлік-логистика, банк секторы және цифрландыру бағыттарындағы жобаларға стратегиялық қызығушылық танытып отыр. Ресейден тартылған инвестиция көлемі 1,14 млрд АҚШ долларын құрады.

 

   Бұл көрсеткіш геосаяси жағдайға байланысты ресейлік бизнестің Қазақстан нарығына көшуімен, сондай-ақ жаңа өндірістік және сервистік компаниялардың ашылуымен түсіндіріледі.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться