Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-17 13:34:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Медицина саласындағы заң талаптарын бұзғандар жауапқа тартылды

news single

     Ішкі істер министрлігі дәрілік заттарды сақтау және өткізу талаптарының сақталуын тұрақты түрде бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz"  "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    8–12 желтоқсан аралығында ел аумағында бақыланатын заттардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Дәрмек» атты кезекті ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Шара барысында құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттарды рецептсіз сатуға қатысты деректерге ерекше назар аударылды.

 

    Іс-шара нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіруде қолданылуы мүмкін шамамен 1 мың тонна прекурсордың, 60 мыңға жуық таблетканың және 75 мыңнан астам психоактивті препарат ампуласының заңсыз айналымы шектелді.

 

    Сонымен қатар, Қарағанды облысында Ресей Федерациясынан жеткізілген 64 тонна күкірт қышқылы сақталған теміржол цистернасының техникалық нығайтылуы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Құқық қорғау органдары мұндай заңбұзушылықтарға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться