Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-12-18 15:23:00

Следуй за нами

40

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

news single

     Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында елдің Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз өткізді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz"  "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан делегациясына көрсетілген қонақжайлық үшін Жапония Үкіметінің басшысына ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, бұл сапар екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияны Азиядағы сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктес ретінде атап өтіп, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен заманауи инновацияларды үйлестіре білген дамыған мемлекет екенін айтты.

 

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы Премьер-министр Санаэ Такаичидің парасатты басшылығымен Жапонияның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асып жатқанын атап өтті.

 

   Президент қазақ-жапон қарым-қатынасының терең тарихи негізі бар екенін айтып, бұл сапардың оның Мемлекет басшысы ретіндегі Жапонияға алғашқы ресми сапары екенін жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Президенті бұл елге төрт рет барған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться