Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-20 11:39:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

news single

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысып, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды шарада сөз сөйледі,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Форум жұмысына Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

 

     Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» тақырыптарында сессиялар ұйымдастырылды.

 

    Сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Жапонияның іскер топтары арасында бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Президенттің ресми сапары мен форум қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард АҚШ долларын құрайтын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться