Автор: ADMIN
Астанадағы жарылыс: Вокзалдағы контейнер қайдан келгені анықталды
Астана теміржол вокзалында жарылған жүк контейнері Еуропалық Одақтан келген. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
14 ақпанда Астана вокзалында электроқұрылғылар тасымалданған контейнер жарылды. Ластаевтың айтуынша, контейнер ішінде дизель генераторы болған. Оқиғаның нақты себебі тергеу барысында анықталады.
Жарылыстың салдарынан вокзал маңындағы кейбір ғимараттардың терезелері сынды. “Қазақстан темір жолы” өкілдерінің хабарлауынша, сұрыптау жолында тұрған контейнерден “қатты дыбыс” шыққан. Бастапқы деректерге сәйкес, жүк ішінде трансформаторлар мен генераторлар болған.
Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ. Тек бір азамат жеңіл жарақат алған. Оқиғаға байланысты көлік полициясы “Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасуда.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı