Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-20 13:45:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жаңа жыл қызметтері 50%-ға дейін қымбаттады

news single

    Желтоқсан айының басынан бастап сервистік қызметтерге сұраныс күрт өскені байқалды,-деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Naryk.kz" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Сол себепті бағалар да айтарлықтай артты.  OLX Қазақстан мәліметіне сәйкес, кейбір қызмет түрлері бір жыл ішінде 50%-ға дейін қымбаттаған.

 

    Клининг қызметтері – маусымның көшбасшысы: пәтерді тазалау – 20–50 мың теңге, мерекеден кейінгі тазалау – 35 мың теңгеден басталады

 

    Жаңа жылдық декор: пәтерлер – 30–80 мың теңге, кеңселер мен коммерциялық нысандар – 100 мың теңгеден жоғары

 

   Фотосессиялар: отбасылық түсірілім – 25–70 мың теңге, корпоративтік – 80 мың теңгеден бастап

 

   Аяз ата мен Ақшақар костюмдері: тәулігіне жалға алу – 10–25 мың теңге

 

 Мамандар желтоқсан айында алаяқтар көбейетінін ескертеді. Сондықтан орындаушыны таңдағанда пікірлерді мұқият тексеріп, күмәнді төмен бағаға алданып қалмауға кеңес береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться