Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-20 17:04:00

Следуй за нами

26

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті

news single

     Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға бағытталған жаңа алаяқтық схеманың пайда болғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтар әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда таралатын бейнероликтер арқылы «ойынды бұзудың құпиясы», «тегін бонус алу жолы», «жабық функцияларға қол жеткізу» сияқты жалған уәделер береді. 

 

    Мұндай видеоларда көбіне Telegram арналарына бағыттайтын сілтемелер ұсынылады. Ол жерлерде балалардан «верификациядан өту», «ID арқылы кіру» немесе өзге де күмәнді әрекеттерді орындау талап етіледі.

 

   Осыдан кейін қаскөйлер психологиялық қысым көрсетіп, «құрылғыңыз бұзылды», «жеке деректеріңіз бен хаттарыңыз біздің қолымызда» деген мазмұнда қорқыту хабарламаларын жібереді.

 

    Комитет ата-аналар мен балаларды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Күмән туындаған жағдайда тиісті органдарға немесе мектеп әкімшілігіне хабарлау қажет екенін ескертті.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться