Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-20 17:27:00

Следуй за нами

21

Ресми сапар нәтижесінде 3,7 млрд доллардан астам келісімдерге қол қойылды

news single

     Президенттің ресми шетелдік сапары аясында жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ долларынан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Мемлекет басшысының әрбір шетелдік сапары ел экономикасына айтарлықтай серпін беретіні атап өтілді.

 

   Сапарлар барысында миллиардтаған долларға бағаланған шетелдік инвестиция тарту жөнінде келісімдерге қол жеткізіліп, нақты шешімдер қабылданады.

 

   Соның нәтижесінде тауар айналымы мен экспорт көлемі артып, бұл әсіресе отандық өндірушілер үшін маңызды мүмкіндікке айналып отыр.

 

   Сондай-ақ сапарлар аясында стратегиялық маңызы бар нысандар іске қосылып, он мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады, іскерлік байланыстар нығая түседі.

 

   Бұдан бөлек, визасыз режим қолданылатын елдердің қатары кеңейіп, Қазақстан азаматтары үшін қолайлы жаңа әуе бағыттары ашылуда.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться