Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-22 14:52:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жеңіс Қасымбек LRT желісінің қашан іске қосылатынын айтты

news single

     Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі алдағы 1–2 ай ішінде іске қосылатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Әкімнің айтуынша, LRT 30 қыркүйектен бері сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Осы уақыт ішінде шамамен 2,5 ай өтті.

 

   Ай соңына дейін барлық вагондар жеткізіледі деп күтіліп отыр, ал станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу сатысында. «Бастапқыда сынақ мерзімі 3 айдан 6 айға дейін созылады деп жоспарлағанбыз. Алдағы бір-екі айдың ішінде барлық жұмыс толық аяқталып, LRT-ны іске қосуды көздеп отырмыз», – деді Ж. Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

    Сондай-ақ қала әкімі Ш. Қалдаяқов, Сығанақ және Қабанбай батыр даңғылдары бойында, Есіл мен Нұра аудандарында көлік жүктемесі едәуір азаятынын атап өтті. Оның сөзінше, 9 жоғары жылдамдықты көлік дәлізінің іске қосылуы қоғамдық көліктің қарбалас уақыттағы орташа қозғалыс жылдамдығын 30%-ға арттырып, автобустардың жүру аралығын 8 минутқа дейін қысқартады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться