Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-12-23 15:29:00

Следуй за нами

39

Оңтүстік Корея әлемдегі ең жылдам пойыз жобасын әзірлеуде

news single

     Оңтүстік Корея сағатына 370 шақырым жылдамдықпен жүре алатын жаңа жоғары жылдамдықты пойыздың негізгі технологияларын әзірлеуді аяқтады,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

     EMU-370 деп аталатын пойызда қолданылатын технологиялар техникалық тұрғыда ең жоғары жылдамдықты сағатына 407 км-ге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

 

    Жоба 2022 жылдың сәуірінен 2025 жылдың желтоқсанына дейін Корея теміржолын зерттеу институтының жетекшілігімен жүзеге асырылған. 

 

    Көлік министрлігінің мәліметінше, жобаға жалпы 22,5 млрд вон (шамамен 15,23 млн доллар) инвестиция салынған.

 

   Оның ішінде 18 млрд вон мемлекеттік бюджеттен, ал 4,5 млрд вон жеке сектор тарапынан бөлінген.

 

   Үкімет алғашқы пойыз үлгілерін келесі жылы шығаруды жоспарлап отыр. Ал сынақ жұмыстары 2030 жылға, коммерциялық пайдалануға енгізу 2031 жылдан кейін жүзеге асырылмақ.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться