Автор: ADMIN
Қазақ әдебиетінің алыбы Дулат Исабеков өмірден өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков 82 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оның шығармашылығы қазақ прозасы мен драматургиясын жаңа деңгейге көтеріп, талай буынның санасына ой салды. Қаламгердің қаламынан туған «Дермене», «Сүйекші», «Перi мен Перiште», «Гаухартас», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз» сынды туындылары ұлттық әдебиеттің баға жетпес мұрасына айналды. Оның шығармалары негізінде түсірілген фильмдер мен театр сахналарында қойылған пьесалар халықтың жүрегінен ерекше орын алды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазушының қазасына байланысты көңіл айтып, оның қазақ әдебиетіндегі орнын ерекше атап өтті:
“Қазақтың қайталанбас қаламгері Дулат ағамыздың қазасына орай күллі қазақ еліне қайғыра көңіл айтамын. Ұлттық әдебиетіміздің ұжданы, мақтанышы, айбары болған Дулат Исабеков қазақ прозасы мен драматургиясының көкжиегін кеңейткен, әдебиет әлемінде өзіндік өрнек салған біртуар қаламгер еді. Оның шығармалары талай буынның санасына ой салып, жүрегіне жол тауып, ұлт руханиятының қазынасына айналды.”
Дулат Исабековтің есімі қазақ әдебиетінде мәңгі сақталады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Даже безработный обязан платить алименты
Жұмыссыз адам да алимент төлеуге міндетті
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı