Автор: ADMIN
Синоптиктер ескертеді: Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады
Ертең, 24 желтоқсанда Қазақстанның аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады, деп хабарлайды Shalqar.kz "Қазгидрометке” сілтеме жасап.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 25 желтоқсанда екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 17-19 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 27-29 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 24 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Jaña jıl qarsañında elimizdegi üş vedomstvo ökilderi baspanalı boldı
2026 jılı Qazaqstanda eñ tömengi zeynetaqı mölşeri ösedi
سينوپتيكتەر ەسكەرتەدى: قازاقستاننىڭ باسىم بولىگىندە بوران سوعىپ, كوكتايعاق بولادى
Последние новости
Jaña jıl qarsañında elimizdegi üş vedomstvo ökilderi baspanalı boldı
جاڭا جىل قارساڭىندا ەلىمىزدەگى ۇش ۆەدومستۆو وكىلدەرى باسپانالى بولدى