Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-24 15:21:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тоқаев Астанада жол-көлік оқиғаларының көбеюіне алаңдады

news single

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада жол-көлік оқиғаларының артуы тұрғындар, әсіресе балалар үшін үлкен қауіп төндіріп отырғанын айтты,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Оның айтуынша, қалада құрылыс көлемі мен көлік санының көбеюі жолдағы жағдайды күрделендіріп отыр. Биылғы 11 айда Астанада жол апатынан 675 бала зардап шегіп, бес бала қаза тапқан.

 

   Сондай-ақ тұрғындар үйлердің арасындағы аумақтарда жаяу жүргіншілер өткелдері мен жылдамдықты шектеу белгілерінің жоқтығына жиі шағымданады. Мемлекет басшысы аулаларды жарықтандыру мәселесінің де өзекті екенін атап өтіп, бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

 

    Бұдан бөлек, Президент тұрғын үйлер мен білім беру мекемелері маңындағы жүк көліктерінің қозғалысын реттеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар көлік тұрақтарының жетіспеушілігі әлі де шешілмей отырған мәселе екенін атап өтіп, оны жүйелі түрде ретке келтіруді тапсырды.

 

   Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта шетелдің озық тәжірибесін қолдану керектігін айтып, көпқабатты автотұрақтар салу мүмкіндігін мысалға келтірді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться