Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-24 16:15:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Тоқаев: Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

news single

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада тұрғын үй құрылысының сапасына ерекше назар аудару қажеттігін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Президенттің айтуынша, Астана құрылыс қарқыны бойынша елде көш бастап тұр. Жыл басынан бері қалада 5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл – республика бойынша пайдалануға берілген барлық үйлердің төрттен бір бөлігі.

 

   Мемлекет басшысы мұны оң көрсеткіш деп бағалай отырып, санға ұмтыламыз деп сапаны ескерусіз қалдыруға болмайтынын қадап айтты. Президент соңғы кезде орын алған қайғылы оқиғаларды мысалға келтірді.

 

    Атап айтқанда, бір тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсіп, тағы бір үйде лифт құлаған. Бұл жағдайлар адам өліміне әкеліп соқтырған. Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз материалдарды қолдану, құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарын сақтамау – нағыз қылмыс екенін атап өтіп, мұндайға мүлде жол беруге болмайтынын жеткізді.

 

   Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке құрылыстың барлық кезеңін – жобалаудан бастап дайын нысанды тапсыруға дейінгі үдерісті толық цифрландыруды тапсырды. Бұл шара саладағы тәртіпті күшейтіп, жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуге тиіс.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться