Әлем

Автор: ADMIN

Әлем 2025-12-24 03:23:00

Следуй за нами

28

АҚШ цифрлық қызметтер туралы заңға байланысты ЕО саясаткерлеріне елге кіруге тыйым салды

news single

АҚШ мемлекеттік департаменті Еуропа Одағының цифрлық қызметтер туралы директивасын дайындау ісіне қатысқан бес еуропалыққа және ЕО-ның ішкі нарық мәселелері бойынша бұрынғы комиссары Тъери Бретонның елге кіруіне қажет визаны беруден бас тартты, деп хабарлайды Shalqar.kz “DW”-ға сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде бұл адамдар өз лауазымын америкалық тұлғалар мен компанияларға қарсы бағытталған қатаң цензуралық шараларды ілгерілету үшін пайдаланған радикалды белсенділер ретінде көрсетілген. 

— АҚШ президенті Дональд Трамп «Алдымен — Америка» қағидатына негізделген сыртқы саясат елдің егемендігіне нұқсан келтіруге жол бермейтінін ашық көрсетті. Шетелдік цензорлардың өкілеттігін экстерриториялық түрде асыра пайдалануына да жол бермейміз, — деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Мемдепартаменттің мәлімдемесінде Еурокомиссияның бұрынғы мүшесі Тьерри Бретон сондай-ақ DSA заңының «архитекторы» ретінде сипатталған. Бұл заң ЕО аумағында жұмыс істейтін барлық интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңсыз контенттен, тауарлар мен қызметтерден, сондай-ақ жалған ақпарат пен өшпенділіктен қорғауға міндеттейді.

АҚШ-тағы республикалық партия өкілдері DSA талаптары мен әлеуметтік желілерді модерациялау ережелерін консерваторларға қарсы бағытталған цензуралық шаралар деп санайды. Брюссель бұл айыптауларды жоққа шығарады. 

— Америкалық достарымызға айтарым, цензура сіздер ойлаған жерде емес, — деп жазды Бретон АҚШ-қа кіруге тыйым салынғаны туралы хабардан кейін Х әлеуметтік желісінде.

Тьерри Бретон 2024 жылдың күзінде Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен келіспеушіліктерге байланысты ішкі нарық жөніндегі еурокомиссар қызметінен кеткен. Бұған дейін ол Х әлеуметтік желісінің иесі Илон Маскпен де келісе алмай қалған. Бретонның ойынша платформа Еуропа азаматтарының құқығы мен дербес деректерін қорғау заңдарын сақтаудан бас тартқан.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі ЕО-ның цифрлық заңдарын бірнеше рет сынға алған. 

Ақ үй басшысы америкалық компанияларға зиян келтіретін елдерге импорттық тарифтер енгіземін деп қоқан-лоқы жасаған. Соған қарамастан, Еуроодақ өз ережелерінің орындалуын әлі де талап ете беретінін мәлімдеді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться