Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-25 15:11:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 2,5 есе артты – Мемлекет басшысы

news single

     Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге тоқталып, соңғы он жылда жалпы өнім көлемі 2,5 есе өскенін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

    Президенттің айтуынша, қазақстандық диқандар соңғы екі жыл қатарынан рекордтық деңгейде мол астық жинап, ел қамбасын толтырған. 

 

    Шаруаларға қолдау күшейтіледі

 

    Мемлекет көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына арналған жеңілдетілген несиелер ұсынуды жалғастырады. Биыл бұл мақсатқа 1 триллион теңге бөлінген. Бұл – бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 10 есе көп. 

 

    Тиімділікке басымдық

 

   Сонымен қатар Президент Үкіметке ауыл шаруашылығында тиімділікті арттыру бағытында белсенді жұмыс істеу қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, қомақты қаражатты тек субсидия ретінде бөлу әрдайым ең оңтайлы шешім емес.

 

  «Осы аймақтағы көрші елдерде мұндай көмекті ешкім бермейді. Тегін деген ұғым мүлдем жоқ», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің сөзінше, басты мақсат – агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться