Автор: ADMIN
«Ата жолы» картасы: 65 этникалық қазаққа тарихи отанында өмір сүруге мүмкіндік берілді
Қазақстан этникалық қазақтарға 10 жыл елде тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 65 «Ата жолы» картасын берді. Оның 27-сі бизнес-иммигранттарға, ал 38-і сұранысқа ие мамандарға табысталды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
“Қазақтар қайда өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелдегі отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды”, – деп атап өтті.
Бұл мәртебеге инженер-физиктер, инженер-математиктер, химиялық технологтар, жақ-бет хирургтары, педиатрлар және басқа да жоғары білікті мамандар ие болды. Олардың қатарында Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген қандастар бар.
Бұл карта шетелде тұратын қазақтарға Қазақстан азаматтығын сақтамай-ақ елде өмір сүру, жұмыс істеу немесе кәсіп жүргізу құқығын береді. Картаның иегерлері:
-10 жылға Қазақстанда тұру құқығына ие болады;
-Кез келген өңірге еркін қоныстана алады;
-Жұмысқа орналасу және кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігіне ие;
-Мемлекеттік мекемелерде тегін медициналық көмек ала алады;
-Мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім алып, жоғары оқу орындарында грантқа түсе алады;
-Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығына ие.
«Ата жолы» картасының иегерлері Қазақстан азаматтығын алмайынша сайлауға қатыса алмайды, мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Егер карта иесі Қазақстан азаматтығын алса, оның «Ата жолы» картасы жарамсыз деп танылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى