Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2025-12-28 19:46:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанда Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақыру қанша тұрады?

news single

    Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақыру қызметінің бағасы өңірлерге қарай әртүрлі болып отыр,- деп хабарлайды "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Кейбір аймақтарда құны бірнеше есеге дейін айырмашылық көрсетеді.

 

   Сұраныс жыл сайын артып келеді

   Мерекелік қарбалас күндері ата-аналар балаларына ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Аяз Ата мен Ақшақарды шақыруды жиі таңдайды. Актерлер үйге келіп, балалармен сөйлесіп, тақпақтарын тыңдап, сыйлық тапсырады. Бұл қызметке деген сұраныс жыл өткен сайын өсіп, соған сай бағасы да қымбаттаған.

 

   Ең жоғары баға — Алматыда Қызметтің ең қымбат түрі Алматы қаласында тіркелген. Мұнда таңдау кең, әртүрлі сценарий мен бағдарламалар ұсынылады. Аяз Ата мен Ақшақардың 30 минуттық бағдарламасы — шамамен 60 мың теңге. Ал корпоративтік кештер мен іс-шараларға шақыру құны 100 мың теңгеден басталып, одан да жоғары болуы мүмкін. Баға кейіпкерлердің киімі, сценарийдің күрделілігі және аниматорлардың кәсібилігіне тікелей байланысты.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться